Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Қыпшақпаев конькимен жүгіруден жасөспірімдер құрамасына жаңа велосипедтерді табыс етті. Сәуір айының ортасында өткен жаттықтырушылар кеңесінде спортшылардың жазда сапалы жаттығу үшін екі доңғалақты құрал-жабдықтары жетіспейтінін Қысқы спорт түрлері үшін олимпиадаға даярлау орталықта конькимен жүгіруден аға жаттықтырушы Александр Жигин мәлімдеді. Орталық басшылығы қазақстандық жасөспірімдердің бас тәлімгерінің өтінішін назардан тыс қалдырған жоқ – бір ай өтпей жатып, спортшылар жаңа заманауи велосипедтерге ие болды. – Қазіргі таңда конькимен жүгіруден жастар құрамасы халықаралық ареналарда және жастар арасындағы әлемнің үздік командаларының қатарында табысты өнер көрсетуде, – деді Мұратбек Сұлтанбекұлы. – Алдағы уақытта біз де спортшыларға қолдау көрсетіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, тығыз жұмыс жасаймыз. Жылдың жылы мезгілінде қысқы спортшылар жарыс кезеңінің негізін қалады. Конькишілерге арналған велосипед жаттығулары маусымаралық уақытта төзімділік пен жылдамдық-күш қасиеттерін дамытудың ең қолайлы құралдарының бірі болып табылады. Бұлшықеттердің күш қасиеттерінің дамуының арқасында спортшылар мұзда максималды жылдамдықты алған кезде қолданылатын жарылғыш күшке қосымша мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі уақытта конькишілер жастар құрамасы Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында, спортшылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алдағы кезеңдерін өткізуге дайындалуда. Оқу- жаттығу жиыны 31 мамырға дейін жалғасады.