КОНЬКИШІЛЕР ЖАТТЫҒУДЫ МЕДЕУДЕ ЖАЛҒАСТЫРУДА

17.05.22_1.jpg

     Коньки тебуден жасөспірімдер құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. Жазғы кезеңде конькишілерді дайындау жалпы және жылдамдық-күш төзімділігін, жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Спортшылар жаттығуларда барлық салмақ түрлерін, серпімді белдеулер, гантельдер, штангаларды пайдалана отырып, күш жаттығуларына көп көңіл бөледі.     Айта кетейік, спортшылардың оқу-жаттығу жиыны өтетін «Медеу» биік тау мұз айдыны мен Ұлттық коньки тебу федерациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның маңызды тұстарының бірі – конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қолдауы. Келісім «Медеуде» конькишілерді орналастыру және өнімді оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін кең мүмкіндіктер жасауды көздейді.