АЛМАТЫДА ШАҢҒЫШЫЛАР ЖИЫНЫ ӨТТІ

20.05.22_1.jpg

     Алматыда қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы жарысшылары арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оқу-жаттығу жұмысына Ирина Тятова, Мария Геращенко, Елизавета Толмачева, Аида Хажиева, Аружан Сабирова, Рамиль Шамсутдинов, Шыңғыс Есімсейітов, Артем Завьялов, Ильяс Исабек, Дастан Қалибеков қатысты. Спортшылар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайды. Оқу-жаттығу жиынында спортшыларымен Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадаға даярлау орталығы шаңғы жарысы бойынша аға жаттықтырушы Олег Бушмакин жұмыс істеді. 

  Оқу-жаттығу жиынында шаңғышылар жастар құрамасы халықаралық старттарға дайындалып, оқу-жаттығу жиыны аясында спортшылар жыл сайынғы жоспарлы медициналық тексеруден өтті. 14-19 мамыр аралығында Алматыда шаңғы жарыстарының оқу-жаттығу жиыны өтті.