РЕФЕРЕНДУМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН АНЫҚТАДЫ

Добавить_подзаголовок.png

 

      Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы бастамасын түсіндіру және талқылау мақсатында бірқатар іс-шаралар өтті.      «Біз барлығымыз қоғамымызда бәрі жақсы болғанын қалаймыз, жаңашылдықты, қайта құрылымдауларды күтеміз», - деді референдумды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық штабтың мүшесі, Бурабай ауданының құрметті азаматы Өтелбай Бейсенов. – Біз 5 маусымда өтетін референдумға келіп, өзгерістерге, Қазақстанның кемел келешегі үшін дауысымызды беруіміз керек. Келмесек, мемлекетімізді қайтадан кері тартамыз.     Алдағы конституциялық реформа – Елбасының наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Барлығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына 56 түзету енгізу жоспарлануда.     – Жалпы, түзетулер заңнамамызды демократияландыруға бағытталған, – деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Елюбаев қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының ұжымымен кездесуде. - Жаңа Қазақстанды құрудың негізгі қағидалары Конституцияда бекітіледі.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын жетекші заңгер ғалымдар мен конституционалистер әзірлеп, Конституциялық Кеңестің оң қорытындысын алды. Ол азаматтардың өтініштеріне негізделеді және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады.     Референдум Қазақстанның болашағын айқындап, әрбір азаматтың ел тағдырын шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді.