Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының спорт кешенінің бассейнінде 1 маусым күні Ақмола облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден жарыс өтті. Жарысқа есту, көру және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған паражүзушілер қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктері шексіз. Жарысқа қатысқан пара-спортшылар мұны тағы бір дәлелдеді.