ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ҚҰРАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

030622_1.jpg

 

    Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығының бес шаңғышысы Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының құрамына енді. Жаңа бәсеке маусымында қалыптасқан спортшылармен бір командада Қазақстанның намысын ірі халықаралық жарыстарда Дидар Қасенов, Ернұр Бексұлтан, Лаура Қыныбаева, Мария Люфт және Анастасия Ротова қорғайтын болады. Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қаникамал Дүйсенова, бас бапкер болып Андрей Невзоров болды.    - Жасөспірімдерден қалған спортшылардың 50 пайызын қостық, - деп атап өтті Андрей Невзоров. – Бізде қазір 10 ер адам, 10 әйел адам бар. Өткен жылдан бері жаттығу жасап, нәтиже көрсетіп келе жатқан бес негізгі спортшыны қалдырдық, оған тағы бес жасты қостық. Біз жастарға қараймыз. Олар жүкті көтеруге дайын ба, олар дамуға, әрі қарай алға жылжуға және осы жұмыстың бәріне психологиялық төтеп беруге дайын ба.    Жаңартылған команданың алғашқы оқу-жаттығу жиынын 8-29 маусым аралығында Щучинск қаласында Ұлттық шаңғы спорты орталығының базасында өткізу жоспарлануда.