БИАТЛОНШЫЛАР ЖАЗҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

140622_1.jpg

 

     Қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншылары оқу-жаттығу жиынын бастады. Команда құрамында Никита Акимов, Вадим Куралес, Егор Гребенщиков, Данил Червенко, Руслан Амурлаев, Кристина Титиевская, Арина Крюкова, Мария Полдяева бар. Спортшылар Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының намысын қорғайды. Спортшылармен қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының биатлон бойынша аға жаттықтырушылары Владимир Затула мен Иван Трифонов жұмыс істейді.     Оқу-жаттығу жиыны Алматы маңындағы Сарбаздар шатқалындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді. Жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынындағы басты міндеттерінің бірі тамыз айында Руполдинг қаласында (Германия) өтетін жазғы әлем чемпионатына дайындық болып табылады.     Сарбаздар шатқалындағы биатлоншылардың оқу-жаттығу жиыны 25 маусымға дейін жалғасады.