Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлон бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Қазақстан құрамасының сапында Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Данил Белецкий, Бекентай Тұрлубеков, Кирилл Бауэр, Иван Дарьин, Сергей Сирик, Анастасия Кондратьева, Елизавета Белецкая, Дарья Климина, сондай-ақ қысқы спорт түрлері бойынша олипиадалық даярлау орталығының спортшылары Полина Егорова, Алина Скрипкина және Ксения Долгополова. Щучинстегі биатлон бойынша оқу-жаттығу жиыны 26 маусымға дейін жалғасады.