Конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстанның ұлттық командасы Томашув-Мазовецкиде (Польша) оқу-жаттығу жиынына кірісті. Құрама сапында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькишілері Андрей Зуев, Андрей Семенов, Нұралы Ақжол, Никита Важенин, Роман Биназаров, Вадим Якубовский, Алина Дауранова, Дарья Гаврилова, Алена Лифатова және Арина Ильященко бар. Спортшылар жаттығатын мұз айдынында алдағы маусымда әлем Кубогының 2 кезеңі өтеді. Оқу-жаттығу жиынына, жалпы дене шынықтыру мен арнайы дене дайындығынан өту 14 шілде мен 2 тамыз аралығына жоспарланған.