22-24 шілдеде Польшада шаңғымен трамплиннен секіру бойынша жазғы халықаралық жарыстар өтті. Жарысқа Австрия, Беларусь, Германия, Қазақстан, Норвегия, Польша, Румыния, Словения, Словакия, Украина, Франция, Финляндия, Чехия, Эстония, Жапония спортшылары қатысты. Қазақстан намысын Данил Васильев, Сабиржан Муминов және Вероника Шишкина қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Вероника Шишкина топ-30-ға кірді. Ол 27 орын алды. Данил Васильев 39 орын алды. Сабиржан Муминов 41 орын алды.