Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының еңбек ұжымында ұйымында әлеуметтік әріптестікті іске асырудың негізгі нысаны саналатын 2022-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жобасын талқылау өтті. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерін үйлестіретін бұл құқықтық актіде ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін барлық нормалар қарастырылды. Өзінің алғысөзінде директордың м. а. Ардақ Тулендин орталық ұжымының әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған осы маңызды құжатты қорытындылай келе, жергілікті кәсіподақпен өзара ынтымақтастықты атап өтті. Осы маңызды құқықтық құжаттың жобасын ұжымдық талқылаудың соңында кең пікір алмасудан кейін қызметкерлер айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, Ұжымдық шартты қабылдауға үлкен қызығушылық танытты.