14 тамызда Щучинск қаласының орталық алаңында Samga marathon-2022 жарысы өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналды. Марафонға 200-ден астам адам қатысты.
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы марафонды өткізуге және бұқаралық спортты дамытуға қолдау көрсетті. Сондай-ақ, орталық басшысы Ардақ Тулендин жарысқа қатысты. Қорытындысы бойынша ол 2-ші орынға ие болды.
Samga marathon-2022 спортпен айналысуға және салауатты өмір салтына шақырды.