Геращенко Мария шаңғы роллерлерінен Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орынға ие болды

13.09.22_02.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы жарысы Мария Геращенко - шаңғыроллерлер бойынша Әлем Кубогының жалпы есебінің қола жүлдегері. Топ-10-ға біздің спортшы Елизавета Толмачева да кірді. Шаңғы роллерінен әлем кубогы 4 кезеңнен тұрды. Жарыс маусым мен қыркүйек аралығында Норвегия, Эстония, Латвия және Италияда өтті. Мария Геращенко - түрлі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Нұр-сұлтан қаласында дүниеге келген. Шаңғы жарысымен 11 жастан бастап айналысады. Любовь Залевскаямен және қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Олег Бушмакинмен жаттығады.