Қысқы спорт түрлері бойынша келсімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Ұлттық құрама бапкерлерінің еңбекақылары өседі. Бұл туралы бүгін Щучинскте орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында өткен жиында айтылды.
Бас бапкер, аға бапкерлер жалақысы 2018 жылдан бері өзгеріссіз келген. Комитет аталған жағдайды ескере отырып, биылдан бастап бапкерлермен келсім шарт мерзімін ұзартып, еңбекақыларын қайта қарастырады.
Қысқы спорт түрлері Ұлттық құрама бапкерлерімен болған жиынға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, төраға орынбасары Айгүл Бектенова және Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов қатысты.
Сондай-ақ жиын барысында жаттықтырушыларға қосымша штат бөлу, маусымға арналған спорттық киім-кешектер, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерімен қатар келер жылы елімізде өтетін биатлоннан Әлем чемпилнатына дайындық барысы қозғалды.
Самат Ерғалиев жаттықтырушылардың атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.
“Ұлттық құраманы ересектер мен жастар деп бөлмей, бір жерде жаттықтыру керек. Резерв негізгі құраманың жаттығу процесін көріп, тәжірибе алмасып, олардан жоғары жетістік көрсетуге ұмтылуы қажет”- деді төраға.
Сонымен қатар жиын барысында таяуда ғана шаңғы роллерінен Әлем кубогі кезіңі мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының жүлдегерлері Мария Геращенко мен Елизавета Толмачеваны төраға арнайы марапаттады.