29-30 қыркүйекте Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Жарыс аясында спортшылар 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 м қашықтықты бағындырды. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының конькишілері бірінші дәрежелі 3 кубок пен екінші орын үшін бір жүлдені жеңіп алды. Алена Лифатова, Арина Ильященко және Кристина Шүмекова жеңіс тұғырына көтерілді.