ҚАЗАҚСТАНДЫҚ "ҚАНАТТЫ" ШАҢҒЫШЫЛАР АҚШ-ТАҒЫ ҚҰРЛЫҚТЫҚ КУБОКТА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

10.10.22_02.jpg

 

Плэсид көліндегі (АҚШ) алғашқы шаңғы трамплині 1920 жылы салынған. Содан бері спорт ғимараты үнемі жаңартылып отырды. Заманауи шаңғымен секіру кешені 90 және 115 метрлік трамплиндерден тұрады. Мұнда жарыстар мен жаттығулар жыл бойы өткізіледі. Кешенде әр жылдары қысқы Олимпиада ойындары, Қысқы Универсиада, Әлем Кубогы және басқа да іс-шаралар өткізілді.

7-9 қазан аралығында Лейк-Плэсид трамплин кешенінде FIS - FLAMING LEAVES фестивалінің (жалындаған жапырақтар фестивалі) континентальды Кубогы өтті. Жарысқа Австрия, Қазақстан, Канада, Норвегия, Польша, Словения, АҚШ, Финляндиядан келген "қанатты" шаңғышылар қатысты. Біздің елімізден ұлттық құрамында қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даяралуорталығының спортшылары Данил Васильев, Святослав Назаренко және Вероника Шишкина өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылардың құрлықтық Кубоктағы үздік нәтижесі-қорытынды стартта 115 метрлік трамплиннен секіргені үшін Данил Васильевтың 8 орны. Святослав Назаренко бірінші жарыс күнінде қорытынды хаттаманың 28-ші орнын алды. Вероника Шишкинаның ең жақсы нәтижесі-13 орын. Ол бұл позицияны К-90 және К-115 трамплиндерінен секіруде алды.

- Данил Васильевтің өнер көрсетуі қазіргі уақытта оның спорттық мансабындағы ең жақсы көрсеткіш, - деп атап өтті ҚСТ ОДО трамплинінен шаңғымен секіру бойынша аға жаттықтырушы Павел Васильев. - Святослав Назаренко да осы маусымда спорттық көрсеткіштердің жақсы даму динамикасын көрсетіп отыр. Жігіттер әлем Кубогына қатысуға іріктеуден өтті. Спортшыларымыздың халықаралық аренада одан әрі табыстарына үміттенеміз.