Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Михаил Шайдоров Finlandia Trophy челленджеріне қатысты. Халықаралық турнир 6-9 қазан аралығында Финляндияның Эспоо қаласында өтті. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 8 орын алды. Ол өнер көрсеткені үшін 201,52 ұпай жинады. Finlandia Trophy-де ерлер арасында жекелей сында Германия, Грузия, Испания, Қазақстан, Канада, Корея, АҚШ, Украина, Финляндия, Швейцария, Швеция, Эстониядан 20 спортшы өнер көрсетті. Халықаралық турнирдің жеңімпазы корей Джунхван Чха болды, екінші орында грузин спортшысы Морис Квителашвили, үштікті Швециядан келген коньки тебуші Андреас Нордбэк аяқтады.