ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ЖАРЫСЫ ӨТТІ

22.10.22_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында Республика күніне орай ұйым қызметкерлері арасында үстел теннисінен ашық біріншілік жарысы өтті. Жарысқа қатысушылар спорттық жекпе-жек барысында тамаша дене шынықтыру дайындығын, ептілік пен реакцияны көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Алдағы мерекемен ҚСТ ОДО ұжымын директор Ардақ Төлендин құттықтап, мұндай іс-шаралар қызметкерлердің жұмыстан алшақтауына көмектесіп қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымды біріктіретінін атап өтті.