ЕРЕСЕКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАРТТАРЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

26.10.22_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері Алина Дауранова, Нұралы Ақжол, Андрей Семенов және Роман Биназаров 11 қарашада Норвегияның Ставангер қаласында басталатын әлем кубогының ересек кезеңінде өнер көрсетеді. Команда құрамы өткен ҚР чемпионатының нәтижелері бойынша анықталды. - Кубоктың бірінші ересек кезеңінде жасөспірімдер ерлер командалық жарысында өнер көрсетеді, - дейді ҚСТ ОДО конькимен жүгіру спортынан аға жаттықтырушы Александр Жигин. - Екінші кезеңде Алина Дауранова Екатерина Айдова мен Надежда Морозовамен бірге командалық спринтке шығады. Ол сондай-ақ, спринт қашықтықтарының бірінде өнер көрсетеді. Осыдан кейін спортшылар Финляндиядағы әлем кубогының жасөспірімдер кезеңдеріне қатысады.