ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҢҒЫШЫЛАР БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ЖАРЫСТАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

31.10.22_03.jpg

 

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары Бүкілресейлік жарыстарға қатысты. Спортшылар спринттерде және 5/10 км еркін стильде жарысқа түсті. Жарыстар 29-30 қазанда Алдан қаласында (Якутия) өтті. Ресей, Беларусь және Қазақстаннан жүзден астам шаңғышылар жиналды. ҚСТ ОДО спортшылары арасында үздік нәтижені Лаура Қонысбаева көрсетті. Еркін стильдегі жарыста ол 18-ші мәреге жетті. Спринтте шаңғышы ширек финалға дейін жетіп, соңында 18-ші орынға ие болды. Жарыста үздік 30-ға Дидар Касенов, Ернур Бексултан және Мария Люфт енді. Алданның Бүкілресейлік жарыстарында ең мықты үштікке конькиде күміс медаль жеңіп алған Қазақстандық шаңғышылар Ксения Шалыгина және спринтте қола жүлдегер атанған Анна Мельник енді.