ШАҢҒЫМЕН ТРАМПЛИННЕН СЫРҒАНАУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

09.11.22_09.jpg

 

Польшада шаңғымен трамплиннен сырғанаудан Әлем кубогы басталды. Алғашқы 2 кезең 4-6 қарашада Висла қаласында өтті. Жарысты Адам Малыш трамплині қабылдады. Жарыста Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышылары Вероника Шишкина мен Данил Васильев өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Данил Васильев Кубоктың бірінші кезеңінде 29 орын алып, топ-30-ға кірді. Вероника Шишкина 44-ші орынға ие болды. Айта кетейік, жылы ауа райына байланысты Польшадағы Әлем кубогының кезеңі жасанды жабындыда өтті. Шаңғымен трамплиннен сырғанаудан Әлем Кубогының келесі кезеңі 25-27 қарашада Финляндияның Рука қаласында өтеді.