Жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогының I кезеңінің бірінші жарыс күнінде Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығының спортшылары 3 медаль жеңіп алды. 1000 м қашықтықтағы жарыста Алина Дауранова жеңіске жетті. Никита Важенин - күміс жүлдегер. 3000 м қашықтықта Нұралы Ақжол үшінші орынды иеленді. Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогы 26 қарашада Финляндияның Сейняйоки қаласында басталды. Жарысқа Австрия, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Корея, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Украина, Финляндия, Чехия, Швеция, Эстония, Жапония спортшылары қатысады. Бірінші жарыс күнінде спортшылар 1000 м, 3000 м және аралас эстафеталардан өтті. Бүгін конькимен жүгірушілер 500 м, 1500 м және жаппай стартқа жүгіреді.