ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОГУЛШЫЛАР ШВЕЦИЯДА FIS- ЖАРЫСТАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

14.12.22_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығының фристайл-могулшылары 12 желтоқсанда Швецияда өткен FIS жарыстарында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар арасында Юлия Феклистова үздік нәтиже көрсетті. Ол 6-шы орынға ие болды. Анастасия Ларионова 7-ші орынды иеленді. Ерлер арасында Федор Бугаков 9-шы орынды иеленді. Максим Емельянов 11-ші орында, Семен Русаков - 12-ші орында. FIS халықаралық жарыстарына Швеция мен Қазақстаннан 15 жігіт пен 11 қыз қатысты.