ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИАТЛОНШЫ IBU КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

15.12.22_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығының биатлоншысы Вадим Куралес Австриядағы жасөспірімдер арасындағы IBU Кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Ол жеке жарыста екінші орын алды. Сондай-ақ, Никита Акимов ең мықты 10-ға кірді. Ол 9-шы орынды иеленді. Данил Червенко 20-шы орынға ие болды. Егор Гребенщиков пен Руслан Амурлаев 41-ші және 48-ші орындарды иеленді. Әйелдер тобында Ксения Долгополовада қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтиже көрсетілді. Ол 42-ші орынға ие болды. Полина Егорова 46-шы орынды иеленді. Арина Крюкова 54-ші, Мария Полдяева 63 – ші болды. 16 желтоқсанда спортшылар IBU Кубогының австриялық кезеңінің аралас эстафеталарында өнер көрсетеді.