ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҢҒЫШЫЛАР ИТАЛИЯДА FIS-ЖАРЫСТАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

19.12.22_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы жарысушылары Италиядағы FIS-жарыстарында (COPPA ITALIA - TROFEO CRAI MARKET LAURENT) үш медаль жеңіп алды. Спринтте Ілияс Исабек бірінші орынды, Сұлтан Базарбеков екінші орынды иеленді. Еркін жарыста Сабина Сүлейменова екінші орын алды. Дастан Қалибеков жүлделі алтыншы орынға ие болды. Ең мықты 10-ға Артем Завялов, Мария Геращенко, Аида Хажиева кірді. Топ-20 құрамына Берік Боранбаев, Елизавета Толмачева, Аружан Сабирова кірді. Италия Кубогына арналған жарыс 17-18 желтоқсанда Грессоне-Сен-Жан тау шаңғысы курортында өтті. Жарысқа Гаити, Германия, Қазақстан және Италия спортшылары қатысты.