ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИАТЛОНШЫЛАР АВСТРИЯДАҒЫ IBU КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

19.12.22_03.jpg

 

Жасөспірімдер арасындағы IBU Кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы есепте қазақстандық ерлер командасы төртінші орында тұр. Әйелдер командасы 10-шы орында. Біздің спортшылардың есебінде Вадим Куралестің күміс медалі бар. Синглмиксте Никита Акимов пен Арина Крюкова бесінші орынды иеленді. Аралас эстафеталарда оныншы орынды Ксения Долгополова, Полина Егорова, Данил Червенко және Вадим Куралес иеленді. Спринтте қазақстандық биатлоншылар арасында Никита Акимов үздік нәтиже көрсетті. Ол 9-шы орынды иеленді.

IBU жасөспірімдер Кубогының кезеңі Австрияда 14-17 желтоқсанда өтті. Спортшылар жеке жарыстарда, эстафеталарда және спринттерде бақ сынасты. IBU Кубогының кезеңдеріне әлемнің 37 елі қатысады. Олардың ішінде Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Польша, Словения, Словакия, Украина, Франция, Швейцария, Эстония және басқалары бар.