ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУШІЛЕР КАНАДАДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

19.12.22_05.jpg

 

Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгіруші Алина Дауранова Әлем кубогының ересектер кезеңінде бірінші орынды иеленді (500 м қашықтық, «В» дивизионы). Сондай-ақ, спортшы «В» тобының 1000 және 1500 м жарыстарына қатысты. «А» дивизионының командалық спринтінде Қазақстанның әйелдер командасы (А. Дауранова, Е. Айдова және Н. Морозова) 7-ші орынды иеленді. Конькимен жүгіру бойынша Әлем Кубогының кезеңі Канадада (Калгари қаласы) 16-18 желтоқсанда өтті. Жарысқа Австрия, АҚШ, Бельгия, Венгрия, Германия, Жапония, Италия, Қазақстан, Канада, Корея, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Қытай, Польша, Швеция, Финляндия, Франция спортшылары қатысты.