Спорт - бұл өмір

21.12.22_03.jpg

 

20 желтоқсанда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау Орталығына «Мейірім – Бурабай» оңалту орталығының өкілдері келді. Экскурсия барысында ерекше қонақтарымыз спорт кешенінің, шаңғы-биатлон стадионының, трамплиннің және басқа да нысандардың жабдықталуымен танысты. - Балаларымызға осындай керемет кешенді тамашалауға мүмкіндік бергені үшін Орталық басшылығына алғысымызды білдіргіміз келеді, - деп атап өтті «Мейірім Бурабай мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ басшысы Қанат Байбуров. - Спортқа тартудың қазіргі заманның белгілі бір үрдістері бар. Спорт - бұл өмір. Бүгін мұнда экскурсияға келе алған мүмкіндігі шектеулі жандар басқа да мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту мақсатында, бүгінгі алған ақпаратпен өзінің қоршаған ортасымен бөліседі деп үміттенемін. Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жайлы тұруы және оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда жыл сайын шаңғы жарысы, парапланмен жүзу және басқа да спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Щучинск қаласына тұрақты түрде белгілі қазақстандық және шетелдік параатлеттер келеді.