МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ АСТАНАДА ӨТТІ

04.01.23_01.png

 

ҚР Чемпионатында Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығының мәнерлеп сырғанаушылары төрт алтын медаль жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары Михаил Шайдоров, Анна Левковец, Артур Смағұлов және София Коваленко болды. Үздік 10-да Олимпиадалық дайындық орталығының спортшылары Олег Мельников (4-ші орынға), Никита Кривошеев (5-ші орынға). Багдана Рахишова (4-ші орынға), Зере Сарбалина (6-шы орынға) кірді. Мәнерлеп сырғанаудан ҚР Чемпионаты 21-23 ақпанда Астанадағы «Алау» мұз сарайында өтті. Жарысқа Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау облыстарынан, Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан 75-ке жуық спортшы қатысты. Бұл чемпионаттың басты мақсаттарының бірі – 2023-2024 жылғы маусымға толыққанды құрамды жасақтау. Қазақстандық мәнерлеп сырғанау тарихында «төрешілер алқасы» халықаралық санаттағы шетелдік төрешілер алқасынан құралды.