АСТАНАДА КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

04.01.23_05.jpg

 

27-28 желтоқсанда Астанада қаласындағы «Алау» мұзайдыны сарайында конькимен жүгіруден спринтерлік және классикалық көпсайыстан ел чемпионаты өтті. Әйелдер арасындағы екі күндік чемпионаттың спринттік көпсайысында Екатерина Айдова қарсылас болған жоқ. Күміс Дарья Гавриловаға, қола Алена Лифатоваға бұйырды.
Әйелдер арасындағы классикалық көпсайыста Алина Дауранова чемпион атанды, күміс Арина Ильященкоға бұйырды, қола Кристина Шумековаға бұйырды. Сондай-ақ, ҚР Чемпионатында Олимпиадалық дайындық орталығының спортшысы Алина Шумекова спорт шеберінің нормативін орындады. ҚР Чемпионатының қорытындысы бойынша Әлем Кубогының финалына және жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатына қатысушылар командасы құрылды. Құрамаға Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Ақжол Нұралы, Роман Биназаров, Андрей Семенов, Никита Важенин, Вадим Якубовский, Алина Дауранова, Дарья Гаврилова, Кристина Шумекова, Алена Лифатова және Арина Ильященко кірді.

Дайындаған: Наталья Няшина