Кез келген спорт түрінің дамуы нәтижеге байланысты

13.01.23_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ардақ Тулендин жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Дүниежүзілік Универсиада-2023-ке барар алдында шорт-тректен ҚР жастар құрамасының мүшелеріне бағыт көрсетті. ҚСТ ОДО басшылығымен спортшылардың кездесуі 11 қаңтарда Щучинск қаласында өтті. Сондай-ақ, шорт-трек құрамасы жаңа жабдыққа ие болды. - Кез келген спорт түрінің дамуы нәтижеге байланысты, - деп атап өтті Ардақ Болатұлы. - Біздің спортшылардың үнемі алға жылжып келе жатқаны қуантады. Сіздер Қазақстанның намысын маңызды старттарда қорғауларыңыз керек. Сіздер бұл құқыққа көп жылдық жаттығулармен қол жеткіздіңіздер, іріктеу жарыстарында өз мүмкіндіктеріңізді көрсетіп, үздік болыңыздар. Бүгінгі таңда сіздер жас санатындағы ең жақсы спортшы қатарындасыздар. Сіздерге халықаралық аренада лайықты өнер көрсетулеріңізді тілеймін! Қазіргі уақытта шорт-тректен ҚР жасөспірімдер құрамасының мүшелері елордалық «Алау» мұз сарайында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Астанадағы оқу-жаттығу жиыны 23 қаңтарға дейін жалғасады, содан кейін команда Германияға әлем чемпионатына аттанады. Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының үш спортшысы (Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан және Алина Ажгалиева) АҚШ-тағы 2023 жылғы қысқы Универсиадада Қазақстанның атынан қатысады. Студенттік ойындар аясында шорт-трек бойынша жарыстар 19-21 қаңтар аралығында өтеді.

Дайындаған: Наталья Няшина