УНИВЕРСИАДА КҮНДЕЛІГІ. МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ: МЕДАЛЬДАН БІР ҚАДАМ

16.01.23_03.jpg

 

Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығының мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тағы Дүниежүзілік Қысқы Универсиадада 4-ші орынды иеленді. Ол өнер көрсеткені үшін 231,08 ұпай жинады. Сонымен қатар, қысқа бағдарламадан кейін спортшы 6-шы орынды, ал еркін бағдарламада 3-ші орынды иеленді. Универсиада-2023 аясында мәнерлеп сырғанаудан турнир 14-15 қаңтарда Лейк Плэсид қаласында өтті. Ерлер арасындағы жекпе-жекке 31 спортшы қатысты. Мәнерлеп сырғанаушылар Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гонконг, Италия, Испания, Қазақстан, Корея, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Чехия, Жапония атынан қатысты.

Дайындаған: Наталья Няшина