КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ҚР ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

19.01.23_05.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ардақ Тулендин Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан ҚР жастар құрамасымен кездесті. Жиынға Қазақстан конькимен жүгірушілер федерациясының бас хатшысы Олжас Беспаев пен ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Дмитрий Бабенко қатысты. Жиналыста спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау және федерация мен Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы арасындағы одан әрі ынтымақтастық талқыланды. Жасөспірімдер құрамасының коньки тебушілері Олимпиадалық дайындық орталығынан жаңа жабдықтар алды. Бұл күндері ҚР жастар командасының мүшелері Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Спортшыларды жинау 23 қаңтарға дейін жалғасады. Содан кейін конькимен жүгірушілер Германияға жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына барады.

(фото Сали Сабиров @sabirov13 / @Qaz.iceteam)

Дайындаған: Наталья Няшина