Қазақстандық «қанатты» шаңғышылар Данил Васильев пен Сергей Ткаченко командалық жарыста Универсиада-2023 күміс медалін жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар 470,3 балл жинады. Жарыстың жеңімпазы австриялық команда болды. Айта кетейік, шаңғы трамплинінен секіру бойынша ҚР ұлттық және жастар құрамасы жазғы дайындықты Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының трамплиндер кешенінде өткізді. Спортшылармен ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Павел Васильев және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Қайрат Биекенов жұмыс істеді. Жазғы дайындықтың алғашқы нәтижесін Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Данил Васильев Континенттік Кубокта көрсетті. Ол 8-ші орынды иеленді. Континентальды Кубоктың басталуы американың Лейк-Плэсид қаласында өтті. Мұнда бірнеше күн бұрын қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды. Бүгін Сергей Ткаченкомен бірге командалық жарыста Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.
Дайындаған: Наталья Няшина