УНИВЕРСИАДА КҮНДЕЛІГІ ШОРТ-ТРЕК: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМАНДАНЫҢ АРАЛАС ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ «КҮМІСІ» БАР

23.01.23_03.jpg

 

Универсиада-2023 күміс медалін шорт-тректен ҚР құрамасы жеңіп алды. Жарысқа Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Яна Хан және Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Малика Ермек пен Алина Ажгалиева қатысты. Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарға ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Нұрберген Жұмағазиевпен және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трек бойынша аға жаттықтырушысы Данабек Хайровпен бірге дайындалды. Шорт-трекшітер оқу-жаттығу жиындарын қазақстандық мұзда да, шетелде де өткізді.

Дайындаған: Наталья Няшина