ЧЕМПИОНДАРДЫ ҚАРСЫ АЛДЫҚ!

25.01.23_01.png

 

Қазақстандық студенттер құрамасы Универсиададан үйіне оралды. Спортшыларды туған жерінде туыстары, достары, жанкүйерлері жылы қарсы алды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қысқы Универсиада 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-та (Лейк-Плэсид қ.) өтті. Студенттік ойындарда Қазақстан атынан 78 қатысушы қатысты. Оның 20-сы - Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары. Универсиадада қазақстандық команданың 5 спорт түрінен барлығы 11 подиумы бар. Оның 4-і ҚСТ ОДО спортшыларының есебінде. Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында биатлоншы Вадим Куралес, «қанатты» шаңғышы Данил Васильев, шорт-трекшітер Малика Ермек және Алина Ажгалиева бар. 2023 жылғы Дүниежүзілік Қысқы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Дайындаған: Наталья Няшина