ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов туризм мәселелеріне арналған кеңейтілген көшпелі алқа аясында Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығына сапар жасады. Министрлік басшысы орталықтың жұмысымен, оның нысандарының жабдықталуымен, сондай-ақ спорт кешенінің жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында биатлоннан Әлем чемпионатын өткізуге дайындалу барысымен танысты. Асхат Раздыкович сонымен қатар биатлоннан ҚР жастар құрамасының мүшелерімен кездесіп, спортшыларға алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік пен жоғары нәтижелер тіледі.
Дайындаған: Наталья Няшина