Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышылары Қырғызстандағы FIS-старттарда жеті медаль жеңіп алды. Оның ішінде 5 алтын және 2 күміс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Яна Мелинг, Ксения Бережная және Александра Троицкая бар. Спортшылар слалом және гигант-слалом пәндерінен жарысты. FIS-жарысы 31 қаңтар - 4 ақпан аралығында Орловка тау шаңғысы курортында өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстаннан 30-дан астам спортшы қатысты.
Дайындаған: Наталья Няшина