Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері «Халықаралық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу кезінде табысты басқару және медициналық-биологиялық сүйемелдеу бөлінісінде жоғары жетістіктер спортын дамытудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шара спикерлерінің арасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық менеджмент және құқық орталығының директоры Жібек Исаева, туризм және спорт индустриясын қолдау қорының бас директоры Асхат Сейсембек, Спорт дәрігері, Назарбаев Университетінің Спорттық медицина және оңалту бағдарламасының директоры Елтай Рахманов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры Нургүль Ульжекова болды. Шетелде спортты дамыту бойынша оқудан өткен және Қазақстанда халықаралық тәжірибені сәтті енгізген мамандар өз білімдерімен бөлісті.
Дайындаған: Наталья Няшина