9-12 ақпанда қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысының жанкүйерлері арасында Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті. Жарысқа Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Астана қаласынан 18 бен 85 жас аралығындағы 60 қатысушы, сондай-ақ Ресей Федерациясының өкілдері қатысты. Әуесқой спортшылар классикалық стильде жекелей жарыста, конькимен жүгіруден және командалық спринтте бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Чемпионаттың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың ең қарт қатысушылары - әуесқой спорт ардагерлері Юрий Бучельников пен Лариса Носова бөлек аталды. Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында әуесқой шаңғы жарысын алғаш рет өткізіп отырмыз, - деді қазақстандық шаңғы әуесқойлары қоғамдастығының жетекшісі Александр Коренецкий. – Бұл барлық халықаралық стандарттарға сай келетін тамаша база. Бізді өте жылы қабылдады, олар чемпионатты ұйымдастыруға көмектесті, сол үшін Орталық басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта осында басқа да шараларды өткіземіз деген ойдамыз.
Дайындаған: Наталья Няшина