Халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсеткен Қазақстан Республикасының конькимен жүгіру спортынан жастар құрамасының мүшелері елге оралды. Спортшыларды әуежайда туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, журналистер, спорт ұйымдарының өкілдері қарсы алды.
Еске сала кетейік, 9-12 ақпанда Германияда өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасына 3 жүлде әкелді - Алина Дауранова 500 және 1000 м қашықтықта қола және күмісті жеңіп алды. Командалық спринтте Қазақстан әйелдер командасына тағы бір жүлде – Алина Дауранова, Арина Ильященко және Алена Лифатова – күміс жүлдегерлер. Қазақстандық конькишілер Финляндия мен Германияда өткен әлем чемпионатының кезеңдерінде талай рет жеңімпаз және жүлдегер атанған. Алина Дауранова, Арина Ильященко, Алена Лифатова, Никита Важенин, Нұралы Ақжол, Роман Биназаров, Андрей Семенов жеңіс тұғырына көтерілді. Алина Дауранова мен Никита Важенин кубоктың жалпы есепте 1000 м қашықтықта бірінші орынды иеленсе, үш кезеңнің қорытындысы бойынша жарыс рейтингінде Нұралы Ақжол екінші орынды иеленді. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын халықаралық аренадағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!
Дайындаған: Наталья Няшина