БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН СПОРТТЫҚ ЖЕҢІСТЕР ТАРИХЫН САҚТАЙЫҚ

10.03.23_01.jpg

 

Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлерінен бойынша олимпиадалық даярлау орталығының жетістіктер музейі құрылды. Салтанатты ашылуы 5 наурызда жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы биатлоннан Әлем Чемпионатының екінші жарыс күнінде өтті. Іс-шараның құрметті қонақтарының бірі шаңғы жарысынан алғашқы және қазіргі уақытта жалғыз қазақстандық Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов болды. Оған лентаны кесіп, музейдің алғашқы келушілерді шақыруға құрметті құқық берілді. - Бүгінгі таңда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасы жұмыс істеп, жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы биатлоннан Әлем Чемпионаты сияқты ауқымды іс - шараларды қабылдауда, - деп атап өтті Владимир Смирнов. - Менің ойымша, бұл Щучинск, Ақмола облысы және Қазақстан жасай алатын үлкен спорттық жолдың бастамасы ғана. Мен мұнда өскенімді, тәрбиеленгенімді және мұнда шаңғы тебуді үйренгенімді мақтан тұтамын. Бұл орталықтың жаңа жас әлем чемпиондарын тәрбиелеуін тілеймін. Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының жетістіктер музейінде қазақстандық спорттың жетістіктері туралы баяндайтын жеке заттар, марапаттар, табысты спортшылардың жабдықтары, газеттер, журналдар, афишалар және басқа да заттар жинақталған. Экспозициялардың бірі біздің жерлесіміз Олимпиада чемпионы Владимир Смирновқа арналған.

Дайындаған: Наталья Няшина