IV ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫ: МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

12.03.23_01.jpg

 

Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында мәнерлеп сырғанаудан IV Қысқы жастар спорт ойындары аяқталды. Үш күнге созылған бәсекеге 11 өңірден (3 қала мен 8 облыс) 100-ге тарта спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькишілері 3 алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар арасында Михаил Шайдоров, Анна Левковец және Зере Сарбалина бар. - Бұл ойындарға 2 аптадан кейін өтетін Әлем чемпионаты қарсаңында өз шеберлігімді байқап көру үшін келдім. Жақсы өнер көрсеттім. Бағдарламама бірқатар күрделі элементтерді қостым. Бірақ бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге шамам жетеді. «Кармина Бурана» кантатасын өз бағдарламасына көп мәнерлеп сырғанаушы қолданды деп айта алмаймын. Әр жарыс сайын осы туындыдағы өз бағдарламамды жетілдіріп, жақсы хореография көрсетуге тырысамын», - деді Михаил Шайдоров.