Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында ҚР оқушыларының ХІ қысқы гимназиада аясында Президенттік көпсайыс және шаңғы жарысы бойынша жарыстар аяқталды. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қалаларынан 100-ден астам қатысушы қатысты. - Мектеп спортының дамуына және оқушылар арасында спортқа деген қызығушылықтың артуына гимназиаданың жарыстары үлкен әсер етеді, - деп атап өтті Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Сағдат Садықов. - Сондықтан біз еліміздің озық спорттық байқауларының республикалық кезеңіне жолдама алған жас спортшылардың өнер көрсетуіне ерекше назар аудардық. Естеріңізге сала кетейік, XI қысқы гимназиада 14 Наурыз - 21 сәуір аралығында Қазақстанның төрт қаласында - Астана, Щучинск, Павлодар және Өскеменде өтеді. Оқушылар спорттың 8 түрінен жарысады, олардың ішінде шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, бенди, конькимен жүгіру, шайбалы хоккей. Спорттық іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық спортшы қатысады.
Дайындаған: Наталья Няшина