МАУСЫМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕР: ШАҢҒЫШЫЛАР АЛДЫН АЛА МАУСЫМДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

24.03.23_01.jpg

 

2022-2023 жылғы қысқы жарыс маусымында ҚСТ ОДО шаңғы жарысы бөлімшесі жұмысының алдын ала қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында 23 наурызда жаттықтырушылардың есептік кездесуі өтті. Жұмыс кеңесіне спортшылардың жеке жаттықтырушылары, ұлттық жаттықтырушы-кеңесші Антон Гафаров, шаңғы жарысы бойынша ҚСТ ОДО жаттықтырушылар құрамының өкілдері Олег Бушмакин, Дмитрий Коломеец, Ярослав Попов, ұлттық құраманың бас бапкері Каникамал Дюсенова, шаңғы жарысының Ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров, шаңғы жарысы бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Александр Ткачук, сондай-ақ ҚСТ ОДО басшылығы қатысты.

Есеп беру кездесуінде маусымның алдын ала қорытындылары шығарылды, Оңтүстік Кореядағы 2024 жылғы қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына дайындық талқыланды, жеке жаттықтырушылардың ескертулері, ұсыныстары мен тілектері қаралды. Атап айтқанда, шаңғышылардың тәлімгерлерін жастар командасына терапевт, психолог тарту, Орталықтың қазақстандық спортшыларды зерделеу үшін тредбан сатып алу мүмкіндігі, жаттықтырушылар құрамы мен майлау командасын күшейту мәселелері қызықтырды. Сонымен қатар, басқа да мәселелер қаралды.

- Мен шаңғы жарысы бойынша команданың жұмысын қанағаттанарлық деп бағалаймын, - деп жиынды қорытындылай келе, қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық Даярлау орталығының директоры Ардақ Толендин атап өтті. - Барлық айтылған мәселелер бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ,  тәртіп бойынша айтқым келеді. Атап айтқанда, менде бұл мәселе бойынша шаңғы командасына ешқандай шағымым жоқ. Бірақ тәртіпті сақтау және патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтемін. Бұл ҚСТ ОДО жаттықтырушыларына да, жергілікті жаттықтырушыларға да қатысты.

Дайындаған: Наталья Няшина