ШЫМБҰЛАҚТА ТАУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫНАН (FIS) ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

07.04.23_05.jpg

28 наурыз - 3 сәуір аралығында Шымбұлақта тау шаңғысы спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарыс Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қолдауымен өтті. Жарысқа Ұлыбритания, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Чехия спортшылары қатысты. Шаңғышылар супергигант, тау комбинациясы, слалом және алып слаломда бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышылары 10 медаль жеңіп алды. Олар 2 алтын, 4 күміс және 4 қола марапаттар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Александра Троицкая, Яна Мелинг және Ксения Бережная бар.