МАУСЫМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕР

10.05.23_05.jpg

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті соңғы қысқы маусымды қорытындылауды бастады. Комитет төрағасы Ербол Мырзабосынов, төраға орынбасары Айгүл Бектенова және Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасарлары Азамат Имашев пен Сержан Жұмабеков қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан ұлттық құрама бас жаттықтырушыларының қорытынды есебін тыңдауда. Біз өткен маусымды қорытындылап қана қоймай, кеткен кемшіліктерді ескере отырып, алдағы уақытта жұмысты дұрыс жолға қою жолдарын қарастырамыз. Біріншіден, спортты дамытудың нақты жүйесін құруымыз қажет, - деді Ербол Мырзабосынов. - Бұл жерде федерацияларға айтарым – спортшы дайындаудың қысқа мерзімдік емес, ұзақ уақытқа жоспарланған әдістемесін ойлап табу керек. Сонымен қатар, виза рәсімдеу, жарақат алу қаупі жоғары спорт түрлеріндегі сақтандыру, құрал-жабдық сатып алуды жеңілдету сияқты мәселелер тез шешімін табуы қажет.
Бірінші күні биатлон, керлинг, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек және фристайл-могул командаларының бас бапкерлері есеп берді. Қысқы спорт түрлері бойынша федерациялардың жаттықтырушылары мен өкілдерін тыңдау 28 сәуірде, 16 және 30 мамырда жалғасады.