ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МЕН СПОРТШЫЛАРДЫ АТАП ӨТТІ

10.05.23_09.jpg

 

2022-2023 жылдардағы қысқы жарыс маусымының қорытындысына арналған жаттықтырушылар кеңесі аясында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының үздік жаттықтырушылары мен олардың тәрбиеленушілері құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «Үздік бөлім» номинациясы бойынша 2022-2023 жж. Конькимен жүгіру спортының жастар құрамасының тәлімгерлері Александр Жигин мен Дмитрий Обатуров үздік жаттықтырушылар атанды. Конькимен жүгіруші Алина Дауранова үздік спортшы деп танылды. Әр номинация бойынша үміткерлер медальдар мен халықаралық старт лицензияларының саны бойынша таңдалды. Сондай-ақ, Қазақстан биатлоншылар Одағының Бас хатшысы Манас Үсенов пен Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясының атқарушы директоры Олжас Бесбаев алғыс хаттармен марапатталды.