БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУ ҚОҒАМЫ

05.06.23_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері Щучинск қаласының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің базасында өткен футболдан қайырымдылық турниріне қатысты. Олардың ойынға қарсыластары IT-лицей мектебі мен «Бурабай» МҰТП өкілдері болды. Жарыс қорытындысы бойынша ҚСТ ОДО командасы 2-ші орынды иеленді. Футболдан Турнир Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған және ҚР Білім министрлігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы аясында өтті. Қайырымдылық турнирінен жиналған қаражат Щучинск қаласының балалар үйіне берілді.