СУ ЗЫМЫРАНДАРЫ ЖАРЫСЫ

05.06.23_03.jpg

 

«Зымыран жарысы» жүзу турнирі демалыс күндері Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарысқа 16 жасқа дейінгі 130-ға жуық жас жүзушілер қатысты. Чемпиондар 5 түрлі пән бойынша 5 жас санатында анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен марапатталды. «Үздік бұрылыс», «Үздік техника», «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» және т. б. номинацияларында ерекшеленген турнир қатысушылары да естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Зымыран жарысы» жүзу турнирі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған және ҚР Білім министрлігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы аясында өтті.